БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласындағы ақпараттық технологиялар колледжінде орналасқан №521 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Аймақ басшысы саяси науқанның ел өміріндегі маңызын атап өтті.
“Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өкілді органдарды күшейту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы екенін айтты. Елдегі саяси реформалар нәтижесінде мәслихаттардың да құзыреті кеңейді. Халық қалаулылары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысып, өзекті мәселелерді шешуге ықпал етеді. Мәслихат депутаттары – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Сондықтан, өңір тұрғындары дауыс беруге белсене қатысып, азаматтық ұстаным танытады деп сенемін”, – деді Нариман Төреғалиев.
Батыс Қазақстан облысы бойынша 451 868 азамат дауыс беруге құқылы. Өңірде 673 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның 14-і – аумақтық, 171-і – округтік және 488-і – учаскелік сайлау комиссиясы. 5 партиялық тізім және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 521 кандидат тіркеуден өткен.
Барлық сайлау учаскесінде мүгедектігі бар адамдарға арналған бұрыштар жабдықталған. Бұл санаттағы сайлаушылар үшін аудиобюллетеньдер дайындалды.
"Арқан тарту, күйеу көру, тамада": Қазақтың тойы заман ағымына қарай қалай өзгерді
Этнограф: “Бұрынғы тойда да тамада, әнші, бишілер болған”
Көршінің шуы қаншалықты қатты екенін қалай өлшеуге болады және ол үшін қайда шағымдану керек
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті айтып берді