Бойжеткен әлеуметтік медианы қолданудың жігіттерге арналған қатаң ережесін жасап, сынға қалды
TikTok-та @thefreakshowcircus парақшасымен тіркелген қолданушы әлеуметтік медианы қолданудың жігіттерге арналған қатаң ережесін жасады. Алайда бұл оның жазылушыларына ұнай қоймады.

Тізімдегі бірінші тармақ - әлеуметтік желілердегі барлық бұрынғы қыздарды блоктау. Екінші талап - жаңа қарым-қатынас басталған сәттен бастап қыздарға жазылмау және достар қатарына қоспау. Үшінші ереже - қыздардың желідегі парақшаларын іздемеу. Төртінші – қыздарға лүпіл баспау. Сонымен қатар, ережелер қатарында суға түсетін киіммен түскен суреттерін қатарынан жариялаған қыздарды өз парақшасынан өшіру де бар.
Бұл ереже авторының пікірінше, сүйіктісі бар жігіт өзінің әрекеттеріне жауап беруі және өзге қыздарға қарамауы керек.
Бейнежазба авторының мәлімдемесі жазылушылардың қарама-қайшы реакциясын тудырды: кейбіреулер қыздың талаптарымен келіссе, басқалары қызда адамдарға “сену” мәселесі бар екенін айтып, өзімен жұмыс істеуге кеңес берді.
Супермаркеттер желісі қазақстандық өндірістің макарон өнімдерін сөрелеріне қоюдан бас тартты