Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен ұятсыз әрекеттер жасатқан жігіті өзін бопсалайды деп қорқады

Қазақстандық бойжеткен өзі жасаған ұятсыз әрекеттері үшін ұялып жүр. Алдағы уақытта жігіті осы үшін өзін бопсалайды ма деп қорқады.

bra-2306600_960_720

Бұл туралы «Үшбу хат» парақшасында жазылды.

Әлия Маратқызы (есімі өзгертілді) біраз уақыт бұрын құрдасына алданған екен. Яғни таныс жігіті, алдымен, ұятсыз әрекеттер жасауға мәжбүрлеген. Артынша алдағы уақытта Әлияға үйленгісі келмейтінін айтқан. Енді бойжеткен ол арада болған жағымсыз оқиғаны жұртқа жария етіп жібере ме деп қорқып жүр.

«Әпкелеріміздің ақылы керек болып тұр. Мені аямай сөгетіндеріңізді түсініп тұрмын. Не істерімді, кімге айтарымды білмеймін. Маған ақыл айтыңыздаршы. Жасым 21-де, ОҚО аймағының тумасымын. Өткен жылы күзде вконтакте желісі арқылы бір жігітпен таныстым. Оны сырттай танысам да, көп мән бермейтінмін. Өзі менімен қатарлас. Академияда білім алып жатыр, үйіне демалыс кезінде ғана келеді. Бір күні досының тойына бірге бардық. Мені достарына таныстырып, барлығы жақсы өтті.

«Мен саған тиіспеймін» деп айтып, жыныс мүшесін аузыма салуымды ұсынды. Менің қарсыласқаныма қарамастан, мәжбүрлей берді. Әрекетім үшін өз-өзімнен жиіркеніп жүрмін. Бірақ, жыныстық қатынасқа түскен жоқпыз. Оқуға кетіп бара жатып мені жақсы көретінін айтты. «Болған оқиға туралы ешкімге айтпаймын» деп сөз берді. Айтып қойып жүрер деп қорқамын. Мен де, менің өмірім де оған қызық емеспіз. Қоңырау шалмайды, анда-санда смс жазып тұрады. «Мен барғанда төсектес боламыз-ау.

Мына жақта ешбір қызбен бірге болмадым. Әлде опасыздық жасай берейін бе?» деп айтады. Арамызда болған жағдайдан кейін одан қалай кетіп қаламын? Бір күні жұртқа жария етіп қойса ше? Ауыздан ауызға тарап кетсе ше? Отбасын құру туралы әңгіме бастасам, маған үйленбейтінін айтады. Кешірілмес күнә жасағанымды білемін. Үйдегілер біліп қойса, мені өлтіреді. Ол маған ұнаған соң, солай жасаған едім. Одан айырылып қалғым келмеді. Әпкелер, ақыл айтуларыңызды өтініп сұраймын», – дейді Әлия.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Заңгер: Құжатсыз жұмыс істеп алдансаңыз да, құқығыңызды қорғай аласыз

Сексолог: Кінәні тастап кеткен күйеулеріңізден емес, өздеріңізден іздеңіз

Жас әйел 4 құрбының күйеулерін кезегімен “тартып” алған

Келіншек күйеуін бірнеше рет опасыздық жасап жатқан жерінен ұстағанын айтып ашуланды

Талқылау