Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бойжеткен бұрынғы жігітінің үйлену тойына кедергі жасау үшін көлігіне жол бермей қойған (видео)

Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Юлин қалалық округінің тұрғыны бұрынғы сүйіктісінің үйлену тойына кедергі келтірді. Оның гүлдермен безендірілген көлігіне жол бермей қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеп хабарлайды.

қыз

Өткен аптада әлеуметтік желілерде бұрынғы сүйіктісінің үйлену тойына кедерге жасағысы келген қыздың мерекелік көлікке жол бермеген видеосы таралған еді. Осылайша ол үйлену тойды бұзғысы келген.

Бейнежазбадан оның жол бойымен қалай жүргенін көруге болады. Ол қиылысқа келген мерекелік көліктің алдына тоқтап, ары қарай жүруіне кедергі жасайды.

Тіпті жүргізуші оны айналып, басқа жолмен өткісі келсе де бұрынғы ғашығының  басқаға үйленуіне жол бергісі келмейді. Ақыр соңында бұрынғы ғашығын райынан қайтара алмаған ол жолды ашады. 

Жол үстінде орын алған оқиғаның куәгерлердің бейнежазбасында қыз ұялы телефонын ұстап "мен сені ешқашан тастамаймын" деп айқайлағаны байқалады. 

Көптеген әлеуметтік желі қолданушылары әйелге жанашырлық танытып, өткенді ұмытып, жаңа өмір бастауды кеңес етті. Олардың бірі: "Ақымақ қыз. Үйге барып, жан жараңды емде. Өзіңді сүйетін басқа біреуді кездестіресің әлі-ақ" - десе, енді бірі "жігітіңнің басқа біреуге үйленіп кеткеніне рахмет айтасың"- деп жұбатып жатты. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 07 Желтоқсан, 2020 18:26
Талқылау