"Бөтелкеге құйып алады": Елімізде бекет қызметкерінің жанармай ұрлап жатқан сәті әшкере болды (видео)
Көлігіңізге жанармай құярда абайлаңыз. Жанармай бекеттерінде май құюшылардың өзі бензинді ұрлайды. Бұндай әрекеттің бірі әшкере болды.
Бекеттің бірінің қызметкернің бензин ұрлап жатқан сәті камераға түсіп қалды. Видео әлеуметтік желіде тарады.
Жанармай құюшы көлікке құяр алдында бөтелкеге жанармайды құйып алады. Бұл оның әдеткі әрекеті болуы мүмкін. Оған қарап жатқан ешкім жоқ. Осылайша жанармайды толық құймай, жүргізушінің есебінен май үнемдейді.
Оқиғаға қатысты жанармай бекетінің бас кеңсесінен әлі жауап жоқ.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған