Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Босатылғаннан кейін бірден ата-анамның басына бардым": Мұхтар Жәкішев бостандықтағы өмірі жайлы

Наурыз айында бостандыққа шыққан Мұхтар Жәкішев бүгін әлеуметтік желілердің бірінде тікелей эфир арқылы қолдаған жандарға өз алғысын айтты. Оның айтуынша осы уақытқа дейін жанкүйерлерінің жылы лебіздері жанына демеу болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

мухтар джакишев

"Баршаларыңызға осы жылдар бойы көрсеткен қолдауларыңыз үшін рахметімді айтамын. Жауап бермегеніме ренжімеңіздер, барлық хаттар оқылып отырғаннан кейін жауап бергім келмеді. Бірақ дәлі сол қиын мезеттерде үлкен қолдау берді. Көбісі тікелей эфирге шығуыма қарсы болды, провокация бола ма деп уайымдады. Бірақ мен үндемей отыра алмадым, сіздерге алғыс білдіруім керек болды", - деп тікелей эфирге шығуына не себеп екенін түсіндірді.

Он жылға жуық түрмеде болған "Қазатомөнеркәсіп" АҚ-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев бостандықағы күндері туралы былай дейді: 

"Бостандықтағы бірнеше апта тез өтіп кетті, бір жағынан барлық балалаларым қасымда. Оларды 11 жыл көрмедім. Менің кішкентайым мені қамауға алғанда 9 жаста еді. Үлкен қызым Шевейцарияда. Карантин үшін келе алмады. Балаларым бір-бір тұлға болып қалыптасқан. Бір шетінен қызық. Бірінші күні анамның басына барып дұға бағыштап қайттым. Олар әкеммен бірге жерленген. 1-1,5 сағат жалғыз қалып, айтарым көп еді. Ата-анам "естіді" деген ойлаймын. Мен діншіл адам емеспін, бірақ олар мені естіді деген үміттемін", - деген Мұхтар Жәкішев балаларымен көп әңгімелесіп жатқанын айтты.

"Балаларымды қайтадан танып жатырмын, басқа адамға айналған. Ой-өрісі басқа, батыл, бұл мені қуантпай қоймайды. Соңғы рет көргенде бала еді, енді қалыптасқан тұлғалар", - деді Мұхтар Жәкішев.  

Жәкішев елімізде және әлемде болып жатқан жағдайларға байланысты өз пікірін білдірді. Карантинде отыру өзіне қиындық тудырмайтынын айтты.

"Бұл уақыттың ішінде бірінші рет велосипедке отырдым. Көптен бері отырмадым ғой, қорқақтадым, бірақ отырғаннан кейін амал жоқ әрі қарай теуіп кете бердім. Бұл күндер өте тез өтіп кетті. Ұмытып кеткен нәрселермен кездестім. Мені ешкім шектемейді, серуендей аламын, қаншада ұйқтаймын, тұрамын - өз уақытыма өзім иемін. Менің босатылуым карантинге тап келді. Бірақ мен үшін карантин үйреншікті жағдай, ешқайда шықпасам да өзім жақсы көретін адамдармен өткізіп жатырмын. 11 жылдан бері сағынып қалған нәрселермен қайта қауыштым" - деген Жәкішев елдегі қазіргі жағдайға қатысты өз пікірін жеткізді. 

"Қазір елдегі жағдай экономика туралы сұрап жатырсыздар, бірақ мен әлі соңына дейін бабына бармаған нәрселерге қатысты ештеңе айта алмаймын. Сондықтан әзір егжей-тегжейіне жетпей бірдеңе айтпаймын. Бір жағынан денсаулығыма байланысты екі сағаттан астам күніне жұмыс істей алмаймын, одан артық отырсам, қан қысымым «секіре» бастайды. Сондықтан барлығын зерттеп, оқып болғасын ғана бірдеңе айтуға болады", - деді Мұхтар Жәкішев.

Оның айтуынша, кеңес, ұсыныс беру үшін "толық картинаны" көріп, танысуы керек. 

"Мен ешқашан үстіртін пікір бермейтінмін, сондықтан да болар беделімнің қалыптасқаны. Өзімді толыққанды сау деп атай алмаймын, бұл да жұмысқа кірісуіме кедергі. Менің босатылып шығуым карантинге тап болғасын, қазір дәрігерлерге барып, қаралатын мүмкіндігім жоқ", - деген ол денсаулығының жұмысқа кірісуіне мүмкіндік бермейтінін жеткізді. 

"Пандемияда біздің кінәміз жоқ, бірақ елдің ішінде таралуына әр ұлт жауап береді деп ойлаймын. Испания мен Италияның салғырттығынан салдарын өздерін көріп отырсыз. Ақыры испандық, итальяндық медицина үлкен қиындықтарға тап болды. Әлемдік дағдырыс келе жатыр, бұл ешкім үшін құпия емес. Көп елдер, шикізат экспорттайтын елдер, әсіресе, үлкен қиындықтарға тап болады. Бұрындары мұнай бағасы құлдырағанда, бізде экономиканың басқа секторлары істеп тұрған. Ал қазір барлық салалар ақсап тұр, қызмет көрсеті, тасымалдау, тағысын тағы. 2007 жылдары бізді сақтап қалған экономика салалары енді мемлекеттің қолдауын қажет етеді. Олай болмаған жағдайда көп адам жұмыссыз қалмақ", - деді Жәкішев.

Оның пайымдауынша, бұл кризис 2007 жылдағы дағдарыстан да қиын болмақ.

"Өйткені салықтық түсімдер жоқ, кәсіпкерлер өз қалталарынан ешбір түсімдерсіз жұмысшыларының жалақысын төлеп жатыр. Бүкіл әлемде тұтыну деңгейі күрт азаймақ. Біз Италия мен Испаниядан сабақ алуымыз керек, олай болмаса, экономикаға түсетін жүк арта бермек. Испания мен Италия не дегенмен де дамыған елдер ғой, сонда да бастарына түскен қиындықтармен үлгере алмай жатыр. Мен барлық қажет шараларды ұстанып жатырмын. Бірақ өзімізді тек өзіміз құтқара аламыз", - деген Мұхтар Жәкішев бұл сөздерін кезінде "Қазатомөнеркәсіп" қызметкерлеріне айтып отыратынын есіне алды. 

Эфир соңында Жәкішев алдағы уақытта да өзіне қолдау көрсеткен азаматтармен онлайн қауышып тұратынын айтып, бірнеше сауалға жауап берді.

Кездесулер рұқсат етілді ме? Жылына тек төрт рет кездесу рұқсат етілген. Бірақ кәмелетке толмай тұрып бәрі бірден кіре алатын, кейін кәмелетке толғасын бір мезетте тек екі адам ғана кіре алатын. Балаларымда менімен кездесуге кесте болатын. 

Жоспарлары? Жоспарларыма қатысты маған дейін ешкім жасамағн нәрселерді жасаймын. Әлі не болатынын айта алмаймын. 

Вирус қаншалықты ауыр? Бұл жай тұмау дегендермен келіспеймін, оны таралу статистикасын қараңыздаршы, бұл жай ғана «тұмау» емес екенін түсінесің. Біздің ел онсыз да кішкентай, сондықтан адамдардың салғырттығы үшін азаматтарымызды жоғалтқан дұрыс емес. Иә, аз дейді қайтыс болғандар саны, бірақ ол біреудің жақыны, әкесі, анасы, бауыры. 
Қазір барлық балаларм қасымда, олар сабақтарын онлайн оқып жатыр, мен өте қуаныштымын. Балаларым да мәз-мәйрам. Тек үлкен қызым, күйеу балам мен немерем Швейцарияда, карантинге байлынысты келе алмай жатыр. 
 

 

Талқылау