Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бөпе жігіттерге күлу керек": Блогер Роза Әшірбаева Елдос Сметовтің анасымен қол ұстасып жүргенін сынға алды

Танымал коуч Роза Әшірбаева Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті сынға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: коллаж Stan.kz

Желіде Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің өзінің құрметіне ұйымдастырылған кеште анасымен қол ұстасып шыққан видеосы тараған еді. Блогер Роза Әшірбаева Сметовтің әйелімен емес анасымен қол ұстасып шығуын сынға алып, пікір білдірді. 

“Қорықпа балам, мамаң келеді қасыңда. Батыл қыздарға емес, “бөпе” жігіттерге күлу керек”, – деді Роза Әшірбаева. 


"5 бөлмелі үй мен lexus 600-ге қуанып жүрген сияқты": Елдос Сметов пен бапкерінің биі желіні жарды


Коуч Сметовтің анасымен түскен суретін жариялап, қазақ жігіттері мен ата-аналарды сынға алды. 

Фото әлеуметтік желіден

"Неге қазақ жігіттері жұбымен жүрмейді? Қолына баласын алып алады. Жан-жағында ата-анасы. Әйелі сонша баланы туып, оны күтіп-батап, жанында мотиватор болып отырған жоқ па? Ата-аналар біліңдер, бала — қонақ. Өз өмірлеріңізді таңдаған жарыңызбен өткізіп үйреніңіздер", — дейді блогер. 

Еске салсақ, бұған дейін Елдос Сметовтің олимпиада чемпиондығы үшін алатын 117 миллионды қайда жұмсайтынын айтудан бас тартқаны туралы жазған едік. 

Талқылау