Болгариядағы жол апаты: Қаза тапқандар арасында бір отбасының 11 мүшесі болған
23 қарашада Болгарияда жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус өртеніп, 46 адам қаза тапқан, олардың 12-сі балалар. Trafficnews басылымының мәліметінше, көз жұмғандар арасында 11 адамнан тұратын отбасы да болған. Олар Скопье қаласынан Ыстамбұлға бара жатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құрбандар арасында Студеничани ауылының 4 тұрғыны, Скопье қаласындағы Исмаил Кемали бастауыш мектебінің оқушылары болған. Қазір бастауыш мектепте жұмыс уақытша тоқтатылған.
Жол апатынан қаза тапқан ең жас жолаушылар – Луан және Албан Ахмети есімді егіздер.
Автобуста болған жалғыз Сербия азаматы Лулзим Сулеймани мен қалыңдығы аман қалған. Олар Ыстамбұлға бармақшы болған.
Солтүстік Македония премьер-министрі Зоран Заев аман қалғандардың бірімен тілдескен. Айтуынша, жолаушы жарылыс дауысынан оянған. Кейбірі автобустан терезелерін сындырып шыққан.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды