Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Болгарияда автобус өртеніп, 46 адам көз жұмды

Болгарияда София-Благоевград тас жолында туристік автобус жол апатына ұшырап өртеніп кеткен. Полицейлердің айтуынша 46 адам  көз жұмды және олар Солтүстік Македония азаматтары болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Известия басылымына сілтеме жасап. 

автобус

Жол-көлік оқиғасы "Струма" автомагистральінің 31-шақырымында болған. Алдын ала деректерге сай туристер Ыстамбұлға бара жатқан. 

"Тас жолдың 31-шақырымында автобус қатысқан жол апаты болды. Автобуста 52 адам болған. Нәтижесінде өрт болып, 46 адам көз жұмды", - деп мәлімдеді жергілікті өрт сөндіру бөлімінің басшысы. 

Апаттан 2 әйел және 5 ер адам аман қалды. Олар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ екенін айтады. 

Автобус жол қоршауларына соғылғаннан кейін аударылып қалған. Есіктер бұғатталып қалғандықтан, жолаушылар шыға алмай қалған. Солтүстік Макендония премьер-министрі Заир Зораев қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты. 

"Оқиғаның анық-қанығы анықталып жатыр. Барлық жолаушылардың біздің елден екенін білмейміз. Дегенмен автобус Македонияда тіркелген", - деп қосты Заев.

Талқылау