Болат Назарбаевтың асына шақырылған жоқпын – Нұрлан Ноғаев
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тұңғыш президенттің өмірден өткен інісі Болат Назарбаевтың Астанада өткен асына шақырылмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана тұңғыш президент марқұм інісі Болат Назарбаевтың құрметіне үлкен ас берген болатын. Сіз қаншама жыл Назарбаевтың қарамағында жұмыс істегеніңіз белгілі. Асқа сізді шақырмады ма? Не себепті бармадыңыз? Сіз де Назарбаевпен үзеңгілес болдыңыз,- деп Stan.kz тілшісі Маңғыстау әкімі Ноғаевқа сауал жолдады.
“Асқа шақырылған жоқпын”, – деп қысқа қайырды Нұрлан Ноғаев.
Еске салайық, бұған дейін Астанадағы республикалық бас мешітте экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев марқұм інісіне арнап ас бергені туралы жазған едік. Оған Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева, Алматының экс-әкімі Ахметжан Есімов, экс-президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаев, Өмірзақ Шөкеев, Қырымбек Көшербаев, Қайрат Қожамжаров қатысты.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген