Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Болат Ақшолақов енді Атырау облысын басқарады. Ол Серік Шәпкеновтің орнына келді.
Болат Ақшолақовтың қызметтері:
1994-1995 - Alem Bank Kazakhstan экономисі, бас экономисі;
1995-1997 - Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің бөлім бастығы, департамент директоры;
1997-2001 - "Қазақойл" ҰМК ЖАҚ аға сарапшысы, менеджері, бас менеджері, департамент директорының орынбасары;
2001-2003 - Commonwealth and British Services Ltd бизнес-талдаушысы, менеджері, қаржы директоры;
2003-2006 - "ҚазМұнайГаз" ҰМК ЖАҚ БК үлестерді басқару жөніндегі атқарушы директоры;
2006-2008 –Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;
2009-2010 - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ электр энергетикалық және мұнай-газ активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры;
2010-2011 - "PSA" ЖШС Бас директоры;
2011 - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ президенті;
2012-2014 – Мұнай және газ вице-министрі;
2014-2017 - "Almex Petrochemical" ЖШС Бас директоры;
2016 - 2017 - "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің Бас директоры;
2017- 2019 - Энергетика вице-министрі;
2019 - 2021 - "KAZENERGY" қауымдастығының Бас директоры;
2019 – 2021 - "Almex Petrochemical" ЖШС Бас директоры;
04.2021-10.01.2022 – "Самұрық-Қазына" АҚ Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры;
2022 жылы – Энергетика министрі;
2023 жылы – Президенттің кеңесшісі.
Еске салсақ, Атырау облысының әкімі қызметінен кеткен еді.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті