Бокстан әйелдер құрамасы бір лицензиядан айырылды
Ұлжан Сәрсенбек Париж олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнирде жеңіліске ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирде сынға түскен Ұлжан Сәрсенбек қарсыласына есе жіберіп, олимпиада ойындарының лицензиясынан айырылды. 54 келіде жұдырықтасқан отандасымыз америкалық Шер Мэй Патрисиоға жол беріп, жарысты жарты жолдан тоқтатты. Осылайша Қазақстан әйелдер құрамасы Париж олимпиадасында 54 келіде өнер көрсетпейтін болды.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасында Назым Қызайбай, Римма Воловсенко және Валентина Хальзованың алғашқы айналымнан сүрінбей өткенін жазған едік. Сондай-ақ Мұхамедсабыр Базарбайұлы да екі жекпе-жекте жеңіске жетті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі

