Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұхамедсабыр Базарбайұлы лицензиялық турнирдегі екінші жеңісіне жетті

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнирдегі екінші жекпе-жегін өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирдегі екінші жекпе-жегін өткізіп, төрешілердің бір ауыздан шешімі бойынша жеңіске жетті. Алғашқы айналымда филиппиндік Лауренте Питті ұтқан отандасымыз екінші кезеңде түрік боксшы Мизан Айкөлді 5:0 есебімен ұтты. 63,5 келі салмақта жұдырықтасатын боксшы үшінші айналымда италиялық былғары қолғап шеберіне қарсы жұдырықтасады. Мұхамедсабырдың салмағында 65 боксшы сынға түсіп жатыр. Солардың бесеуі ғана жолдамаға ие бола алады   

Бұл турнирде жартылай финалға өткен 4 боксшыға лицензия беріліп, 1/4 финалда жеңілген спортшылар өзара қосымша жекпе-жектер өткізу арқылы жолдамаға ие болады. Қазақстан әйелдер құрамасында бір ғана жолдама болса, ерлер құрамасында 63,5 келіде ғана жолдама жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасы алғашқы кездесулерін сәтті өткізген еді. Назым Қызайбай Николь Дурикованы ұтса, Римма Воловсенко Мария Ганглбауерден басым түсті. Валентина Хальзова да алғашқы айналымнан сүрінбей өтті. 

Талқылау