Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бокста алғаш рет нокаут алған спортшы көз жұмды

Сальвадорлық 24 жастағы боксшы Франсиско Руис рингте қайтыс болды. Боксшы отандасы Рикардо Кортеспен жұдырықтасқан.

Сурет: boxingscene.com

Шетелдік БАҚ хабарлағандай, Франсиско спорттық мансабындағы алғашқы нокауттан кейін көз жұмған.

Айқастың 8-раундында Кортес Руисті нокаутқа жіберген. Ол құлап, басын қатты соғып алған. Боксшы жергілікті ауруханаға жеткізілген.

Бірнеше күннен кейін дәрігерлер боксшының миы өлгенін белгілеген. Мұнан соң спортшының отбасы жасанды ауа беру аппаратын ағытуға келіскен.

Боксшы алғаш рет сегіз раундтық жекпе-жек өткізген. Бұған дейін Руис төрт раундық 3 жекпе-жекте жеңіске жеткен.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан құрамасы джиу-джитсу бойынша Әлем чемпионатында екі қола және күміс жүлдеге ие болды

Элизабет Тұрсынбаева Шанхайда өткен турнирде күміс жүлдеге ие болды

74 жастағы көкшетаулық қария Сеулде гір тасын көтеруден чемпион атанды

Назарбаев: Адам денсаулығының 10-15 пайызы ғана медицинаға тәуелді

Талқылау