Боксшы Жәнібек Әлімханұлы аргентиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жекте аргентиналық Гонсало Корияны жықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы осылайша WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын қорғап шықты.
Әлімханұлы өзінің қарсыласын бірінші раундта нокдаунға түсірген. Сөйтіп раундтың аяқталғанына дейін әрең шыдаған Кория келесі раундта қазақстандықтың жұдырығына шыдамай сұлап түседі.
Айта кетейік, бұл Жәнібек Әлімханұлының рингтегі тоғызыншы жеңісі.
Талқылау
"Бағасы Еуропадан 10 есе төмен": Қазақстанға БАӘ, Ұлыбритания, Германиядан шетелдіктер медициналық көмек алуға келеді
Көптеген шетелдіктер кардиохирургия, онкология, стоматология мен чек-аптан өту үшін Қазақстанға келеді
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен