Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боксшы қыздарымыз лицензиялық турнирде кімдерге қарсы жұдырықтасады

Париж олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнирге қатысатын боксшы қыздарымыздың кімдерге қарсы жұдырықтасатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Бүгін Таиланд астанасы Бангкокте өтетін әлемдік лицензиялық турнир басталады. Әйелдер арасында жалғыз ғана жолдамаға ие болған Қазақстан құрамасының атынан алты боксышымыз бақтарын сынап, жолдама жеңіп алудың қамын жасайды. Назарларыңызға боксшы қыздарымыздың алғашқы айналымдағы қарсыластарын ұсынамыз:

50 келі: Назым Қызайбай – Николь Дурикова (Словакия)

54 келі: Ұлжан Сәрсенбек – Шера Мэй Патрисио (АҚШ)

60 келі: Римма Волосенко – Мария Фелиситас Гангльбауэр (Германия)

66 келі:  Наталья Богданова – Кристина Кулухова (Сербия)

75 келі:  Валентина Хальзова – Каролина Махно (Украина)

Айта кетейік, бұған дейін ерлер арасында 63,5 келіде сынға түсетін Мұхамедсабыр Базарбайұлының алғашқы айналымда филипиндік Лауренте Питке қарсы жұдырықтасатынын жазған едік. 

 

 

Талқылау