Боксшы Данияр Елеусіновтің әкесі ұлының рингке оралатынын айтты
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің әкесі Марат Елеусінов Meta-ratings.kz берген сұхбатында ұлының бокстан Қазақстан құрамасына оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: sports.kz
"Данияр ұлттық құрамаға оралу туралы шешімді өзі қабылдайды. Ол әлі ешқандай келісім берген жоқ. Кім лицензия алса, сол Олимпиадаға барады. Қазір бұл мәселе журналистер арасында қызу талқыланып жатыр", – деді боксшының әкесі.
Еске сала кетейік, жақында бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусіновтың ұлттық құрамаға оралуына қарсы емес екенін айтқан еді.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр