Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блок-бекеттер ұшқышсыз ұшу аппараттардың көмегімен күшейтіледі 

Ұшқышсыз ұшу аппараттарын әскери қызметшілер блок-бекеттерде қолданатын бола бастады. Бұл шара төтенше жағдайды бақылау және күшейте үшін қолданылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

,tcgbkjnybr

Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  

"Қарулы күштердің ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептері әуе барлауын жүргізу, төтенше жағдай режимінің бұзылуын анықтау және оған жол бермеу мақсатында тартылады. Олар азаматтық халықтың блок-бекеттерді рұқсатсыз кесіп өтуінің және автокөліктердің карантиндік аймаққа және одан тыс жерлерге өтуін болдырмау үшін қажет", - делінген ресми хабарламада. 

Маңызды оқу-жауынгерлік мәселені шешуде ұшқышсыз ұшу аппараттары Қазақстанның қарулы күштерінде белсенді түрде қолданылады. Олар әуедегі барлау жұмыстарын күндіз-түні өткізіп, артиллерия отын түзетуге, нысандарға авиация мен қолданылатын күшті тура дәлдеу. Ұшқышсыз ұшу аппараттары оқу-жаттығу кезінде ғана емес, олардың көмегімен Арыстағы аумақты барлауды, инженерлік бөлімшелердің жұмысын қадағалауды және жарылғыш заттар табылған жағдайда жедел штабқа баяндау кезінде өзінің тиімділігін көрсеткен болатын. 

Айта кетерлік, 19 наурыздан бастап төтенше жағдай және карантин режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына кіретін және шығатын жолдарда блок-бекеттер орнатылып,  қарулы күштердің әскери қызметшілері, полиция және ұлттық ұлан өкілдерімен бірлесіп тәулік бойы кезекшілік атқарады.          

Кіруге және шығуға тыйым салынғанына қарамастан, блок-бекеттерді заңсыз кесіп өтуге әрекеттер орын алуда.  Тыйым салынған аумақты кесіп өтудің тәсілдері әртүрлі, оның ішінде блок-бекеттерді айналып өту де бар.  Ұшқышсыз ұшу аппараты әскерилер мен полиция қызметкердеріне барлық бағыттар бойынша көру мүмкіндігін кеңейтуге, орын алатын бұзушылықтарды болдырмау үшін блок-бекеттерді бақылауға мүмкіндік береді.

 

STAN.KZ
Сейсенбі, 31 Наурыз, 2020 13:16
Талқылау