Инфобизнестегі кәсіпкерлердің табысы 274 миллиардтан асқан
Қазақстанда ақпараттық бизнес белсенді дамығалы блогерлер өздерінің онлайн курстарын әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы сатып жүр. Алайда желі қолданушылары бай, әдемі болуға үйрететін курстардың сапасыз екені туралы шағым түсірмегенде бұл мәселе мұндай өзекті болмас еді. Адамдарға бәрі білетін немесе қолжетімді ақпараттардан тұратын курсты қымбатқа сататын интернет-коучтар да аз емес. Енді елімізде инфобизнеске қатысты блогерлер кәсіпкер ретінде тіркелуге міндеттелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Raking.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pexels.com
Парламент мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантайдың алдын ала болжамы бойынша, онлайн курс жасаушылардың Қазақстандағы инфлюэнсерлер арасындағы айналымы 500 миллион долларға жетуі мүмкін. Мұны ресми ашық ақпарат көздері арқылы тексеру мүмкін емес. Өйткені мұндай ақпараттық өнімдер нарығының негізгі бөлігі әлі де белгісіз.
2023 жылдың қыркүйегінде елімізде "Онлайн-платформалар және онлайн өнімдер туралы" заң күшіне енді. Заң блогерлерді өз қызметін заңдастыруға, жарнамалық хабарламаларды таңбалауға және салық төлеуге міндеттейді. Дегенмен заңда блогерлердің сараптамалық-ақпараттық қызметін лицензиялау және сенімді, оқырман күткен, бірақ құнды болмай шыққан ақпаратты сату үшін жауапкершілік туралы ештеңе айтылмаған.
Десе де, 16-бапта пайдаланушыларға "уәде етілген дүниелер болмаса" олар онлайн платформалар ұсынатын өнімдерден бас тарта алатыны туралы айтылған.
“Заң бойынша блогерлер жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Маркетингтік қызметті жүргізу үшін олар "Жарнама агенттіктерінің қызметі" OKED кодына сәйкес жеке кәсіпкер ашуы қажет. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында осы саладағы кәсіпкерлер өз қызметтері үшін 274,3 млрд теңге алғанын хабарлады. Бұл өткен жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 94,3 млрд теңге (немесе 1,5 есе) артық”, – деп жазды басылым.
Инфлюэнсер ұсынатын курстардың бағасын танымал онлайн кәсіптердің бірі –интернет маркетинг бойынша басқа оқыту нұсқаларының құнымен салыстырдық. Оның қорытындысына сәйкес, блогерлерге арналған курстардың бағасы әртүрлі тарифтер бойынша, оқу ұзақтығына байланысты 5 мыңнан 200 мың теңгеге дейін өзгеруі мүмкін.
Көбіне "супермарафондарды" сату туралы бастапқы деректерде лицензиялар, кепілдіктер және ақшаны қайтару шарттары туралы мәліметтер жоқ. Ақпараттық өнімнің пайдасы мен құндылығы туралы ақпарат аз болады. Блогерлер көбіне "курс сату алдында NLP (нейролингвистикалық бағдарламалау) деп аталатын әдістерді және адамды "табыс" курсын сатып алуға мәжбүрлейтін түрлі маркетингтік тәсілдерді пайдаланады.
Қазақстандағы инфобизнестің даму желісі көршілес Ресей мемлекетімен ұқсас. Онда тұтынушылардың “құнсыз ақпаратқа” қатысты көптеген шағымдарынан кейін ақпараттық өнімдерге ақшаны қайтаруға қатысты сот тәжірибесі жиілей түскен.
Қазақстандық түрмелерде енді сотталғандар отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады