Ресейлік әнші NILETTO мен Zivert Қайрат Нұртастың әнін плагиаттады деп айыпталды
Ресейлік блогер Сергей Пичугин әнші NILETTO және Zivert Қайрат Нұртастың әнін плагиаттады деп санайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы блогер өзінің ТикТок парақшасында айтты.
Блогердің пікірінше, ресейлік әртістердің Fly 2 жаңа әні Қайрат Нұртастың ресейлік әнші Нюшамен бірге орындаған «Алматылық түндері-ай» әніне өте ұқсас.
Әзірге Қайрат Нұртас бұл оқиғаға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Блогер әншіге хабарласқанымен, тұтқаны көтермеді.
"Бұл әнді қайдан көшірді екен? Бұл сұраққа олардың жауабы жоқ секілді", - деді блогер.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде