Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогер Нұрбек Нұртазаның анасы өмірден өтті

Нұрбек Нұртаза анасымен
Фото: instagram.com/justking31

Көпшілікке JustKing лақап атымен танымал блогер Нұрбек Нұртазаның анасы өмірден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Суыт хабарды блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді. 

“Ең керемет ата-ана. Ата-ана – қанатың. Олар жоқ кезде ұша алмайсың. Бірақ мен өте тез жүгіруді үйренемін. Балалық шағым және кішкентайларым үшін рақмет. Қазірдің өзінде сағындым. Енді сіз әкеммен біргесіз, анашым”, – деп жазды ол.

Әзірге қайғылы жағдайдың себебі немесе қоштасу рәсімінің уақыты туралы ешқандай мәлімет жоқ. Белгілісі, Нұрбек енді ата-анасының екеуінен де айырылды.

Нұрбек Нұртазаның ата-анасы
Фото: instagram.com/justking31

 

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 01 Шілде, 2026 12:35