БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 6 адам қаза болды
Орал-Атырау тас жолында алты адамның өмірін қиған жантүршігерлік апат болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Toyota Corolla және Lada Priora көліктері соқтығысқан.
Апат салдарынан алты адам сол жерде қайтыс болды, бір зардап шегуші ауруханаға түсті. Лада көлігінде бес адам болған. Апат болған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау басқармасы апат орнына жедел жәрдем көлігі келгенін айтты. Зардап шеккендердің бірі Тайпақ аудандық ауруханасына жатқызылды.
Айта кету керек, төтенше жағдайлар қызметі алдағы уақытта дауыл мен көктайғаққа байланысты ескерту жариялады.
Өткен аптада Алматы облысында 7 адам жол апатынан мерт болды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы
