БҚО-да осымен үшінші рет белгісіз дрон табылды
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданынан тағы да белгісіз дрон табылды. Соңғы уақытта бұл БҚО аумағында табылған үшінші дрон. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аймақта тағы бір белгісіз дронның құлағаны туралы ақпарат 24 наурыз күні кешке пайда болды. 25 наурыз күні таңертең БҚО полициясы ұшқышсыз ұшақтың табылуына байланысты тексеру жүргізіп жатқанын растады.
"Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп Жәнібек ауданында пилотсыз ұшу аппаратының фрагменттеріне ұқсас заттарды табу фактісі бойынша тексеру іс-шараларын жүргізуде. Нысан елді мекендерден алыс, шалғай жерде табылды", – деді БҚО полиция департаменті.
Апатқа ұшыраған дронның кімге тиесілі болуы мүмкін екені әлі белгісіз.
Еске салсақ, 18 наурыз күні Батыс Қазақстан облысындағы Тасқала ауданында ұшқышсыз аппарат құлағанын хабарлаған болатынбыз.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.