БҚО-да құтырған қасқыр төрт адамды жарақаттады
Батыс Қазақстан облысындағы Шоқтыбай аулына шапқан қасқыр құтырған болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ал қасқыр талаған ауыл иттерінің бүгінде көзі жойылған. Жарақат алған тұрғындарға құтыруға қарсы дәрі салынуда. Енді шектеу талабына сай, ауылдағы төрт түлікте түгелдей егілмек.
Дәрігерлер құтыру ауруы адамнан адамға жұқпайтынын айтады.
“Аса қауіпті ауру ошағының тіркелуіне байланысты ауылда тіркелген 3 204 бас жануарды құтыру ауруына қарсы вакцинациялау үшін вакцина және дезинфекциялау жұмыстары үшін 11 550 шаршы метр аумаққа дезинфекциялық ерітінді сұратылды. Шектеу шаралары енгізілгеннен кейін ауру ошағын жою бойынша жұмыстарды Республикалық эпизоотияға қарсы отряд жүргізетін болады”, – дейді БҚО ветеринаия басқармасының бөлім басшысы Балдай Сапарғали.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді