Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Атына бірнеше несие алған": БҚО-да ер адам әйелінің жұмыс орнына келіп оған қару кезеді

БҚО-да 52 жастағы ер адам ескертпестен, атына бірнеше несие алған әйелінің жұмысына барып, мылтық кезеген.  Мәліметтерге сай ерлі-зайыптылар ажырасу алдында тұрған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ктк арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет  видео кадрларынан

Оқиға Ақсай қаласында орын алған. Ер адам мылтықпен әйелінің жұмыс орнына келген. Бейнекамера кадрларында ақ халат пен бетперде киген ер адамның дүкенге қалай кіргені көрсетілген. Ол әйелі мен 20 жастағы ұлын қарумен қорқытқан. Үрейленген әйел оқиға туралы полицияға хабарлаған. Ер адам тез арада ұсталып, мылтық тәркіленді. Ол қаруды заңсыз алып жүргені үшін айыппұл төлеп, "Қауіп" бабы бойынша 30 тәулікке дейін қамауға алынады.

“52 жастағы ер адам ұсталды. Сараптама қорытындысы бойынша, ол орташа дәрежедегі мас күйінде болған. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ажырасу рәсімінен өтіп жатқаны белгілі болды. Күдіктінің өзі бұған дейін әйелі оған бірнеше несие алғанын, сондықтан осындай әрекетке барғанын түсіндірді”, – деді БҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұржан Қуанғали.

Талқылау