БҚО-да әйелді өз үйінде зорлап, өлтіріп кеткен
Батыс Қазақстан облысында әйелді өз үйінде зорлап, өлтіріп кеткен. Қанжды оқиға туралы марқұмның ауылдастары мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

"Әйелді зорлап, кейін өлтіріп тастаған. Ал күдіктіні әлі ұстамады", – дейді тұрғындар.
Оқиғаға қатысты пікір білдірген полицейлер 1964 жылы туған әйелдің мәйіті 29 тамызда табылған.
"29 тамызда 13:00 шамасында Бөкейорда ауданы полициясына 1964 жылы туған әйелдің мәйіті табылғаны туралы ақпарат түсті. Аталған деректен кейін Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігі "Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерінің абайсызда кісі өліміне әкеп соғуы" бойынша іс қозғалды. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне қарай жария етілмейді", – делінген хабарламада.
Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге