Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бизнеске қойылып жүрген артық 10 мың талап қысқартылады – Смайылов

Бұдан былай бизнес өкілдеріне қойылатын артық талаптар қысқарады. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Қазақстандық қамту 2.0" халықаралық форумында осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы елімізде бизнесті қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

"Соңғы жылдардағы оқиғалар жаһандық және аймақтық экономикаға орасан зор әсерін тигізді. Күрделі сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан экономикасы сыртқы жағдайларға бейімделді және тұрақты өсу жолында. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 4,9%-ті құрады. Негізгі салалар бойынша оң динамика қалыптасып отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 12,6%-ке ұлғайып, 13,3 трлн теңгені құрады", - деді ол.

Смайылов атап өткендей, Үкімет пен Ұлттық банктің іс-шараларының арқасында инфляция деңгейі 10,8%-ке дейін баяулауды.

"Бизнестің мәселелері Үкіметте "Атамекен" палатасымен бірлесе тұрақты түрде қаралып келеді. Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 36,4%-ке дейін ұлғайды. Осы секторда жұмыспен қамтылғандар саны биыл 14%-ке өсіп 4,3 млн адамды құрады. Бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі іс-шаралар қабылдануда", - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр бизнеске қойылатын артық талаптарды қысқарту үшін жаңа реттеуші саясат іске асырылып жатқанын айтты. Қазірдің өзінде 9 мың артық талап қысқартылған. Жыл соңына дейін тағы 1 мыңын қысқарады деп мәлімдеді.
 

Талқылау