Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізге тегін дастархан жайыңдар деді": Ақтөбеде мемлекеттік қызметкер караокеде есепшот төлеуден бас тартқан

Ақтөбе облысы Қобда ауданында мемлекеттік қызметкер кәсіпкерді соққыға жығып, тәртіпсіздігімен көзге түсті. Бұл Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға қыркүйектің 24-нен 25-не қараған түні болды. Мемлекеттік қызметкер караокеге қыдырып барған. Оқыс оқыға осында басталды. 

"Мемлекеттік қызметкердің бірі есіктің алдында дәрет сындырды. Бірі есепшот төлеуден бас тартты. Өздерінің салық комитетінен келгенін айтып, біз оларға дастархан жаюға міндетті екенімізді ескертті. Мені жұдырығымен бір ұрды. Балағат сөздерін айтып ұрысты. Мемлекеттік қызметкердің бұндай қылығы ұят емес пе?", - дейді кәсіпкер Шынар Қамиева. 

Ол ертесі күні кінәлі қызметкерлердің келіп кешірім сұрағанын айтады. Қобда аудандық мемлекеттік кірістер бөлімінің қызметкерлері оқиғадан соң Т.Әмірғалиев пен Д. Бәймен өз еркімен қызметінен кеткен.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір іске қатысты тергеу жүріп жатыр. 
 

Талқылау