Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз сені күтеміз": Ақтауда жоғалып кеткен жасөспірім қыз 22 күннен бері табылмай жатыр

Ақтауда 15 жастағы жасөспірім 22 күннен бері табылмай жатыр. Үш апта бұрын жоғалып кеткен Анастасия Пенскаяның туыстары қызына алаңдаулы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lada порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото lada порталынан

Настяның анасы қызының ешқашан хабарсыз кетпегенін айтады. Қазір жасөспірімді Маңғыстау облысының достары, таныстары, туыстары мен полицейлері іздеп жатыр.  

"Біз сені үйде күтіп отырмыз. Бәріміз күтіп жүрміз. Әкесінің орнын басқан өгей әкесі, ағасы да, әпкесі де қатты алаңдаулы. Біз қатты уайымдап отырмыз. Қандай жағдай болса да, оны қиындықта қалдырмайтынымызды білсін", – деді қыздың анасы.

Жасөспірім 1 ақпанда сағат 01:40 шамасында жоғалып кеткен. Ол Маңғыстау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан шыққан.



Алдын ала мәліметтер бойынша, жоғалған күні Анастасия Пенская қара күрте, қара леггинстер және қара және ақ спорттық аяқкиім киген. 

Белгілері: қолаң қара шашты, бойы 165-170 сантиметр, кеуде аймағында татуировкасы бар.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі осы өтініш бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қызды көрген болсаңыздар мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: +7 (705) 701-18-53, +7 (7292) 47-48-10, 47-48-25, 47-48-02, 53-18-22, +7 (747) 230-00-04, +7 (747) 963-62-96, +7 (700) 111-40-84, 102.

Талқылау