Біз қазақ және орыс тілдерін жетік білетін балаларды тәрбиелеуіміз керек – Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында балалардың қазақ тілімен қатар орыс тілін де жетік білуі керегін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің сөзінше, қазірп қоғамда мектептерде қазақ және орыс тілдерін оқытуға қатысты дау туындаған.
"Біз қазақ және орыс тілдерін жетік білетін балаларды тәрбиелеуіміз керек. Бұл өскелең ұрпақ үшін. Оқу-ағарту министрлігі балалардың қызығушылығы үшін әрекет етуі керек, популистердің айтқанымен жүрмеуі тиіс", – деп мәлімдеді президент.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев Қазақстанда енді ҰБТ нәтижесіне қарай 30-дан 100%-ға дейін сараланған білім гранттары бөлінетінін айтқан еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"