Қазақстанда енді ҰБТ нәтижесіне қарай 30-дан 100%-ға дейін сараланған білім гранттары бөлінеді
Сапасының артуына қарай отандық жоғары оқу орындарындағы білім алу ақысы да өседі. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сондықтан, мемлекет ҰБТ нәтижелері мен өзге де көрсеткіштерге байланысты 30-дан 100%-ға дейін сараланатын білім гранттарын бөлуді жоспарлап отыр.
Оқуға жылдық 2-3% пайызбен жеңілдетілген нфесие де беріледі.
Бұл шаралар жоғары білімді мейлінше қолжетімді етеді, сондай-ақ қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын нығайтады", – деді президент.
Айта кетейік, президент парламент палаталарының бірлескен отырысында жетінші сайланған парламенттің үшінші сессиясын ашып, халыққа жолдауын жариялады.
Қазақстанда әрбір баланың мемлекет Ұлттық қордан ақша аударатын есепшоты болады
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады