"Біз де зардап шектік": Алматыдағы жол апатынан кейінгі төбелестің оқиғасы жалғасын тапты
Алматыда Бөкейханов көшесіндегі жол апатынан кейінгі төбелестің оқиғасы жалғасын тапты. Екінші тарап өздерін бастапқыда балағаттағанын әрі зардап шеккендерін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Алматыдағы Бөкейханов көшесінде болған. Желіде жарияланған видеодан бірінші көліктің "Дэу Матиздің" жолын кесіп өткенін көруге болады. Кейін арада жанжал болып, арты төбелеске ұласқан.
"Егер толық видеоны ұсынғанда, олардың бірінші болып апатты жағдай тудырғанын көруге болар еді. Бізді балағаттады, ал біз шыдай алмадық. Төбелес басталды. Олар газ баллонын бізге шашты, қолдарында темір болды. Тек бізді ғана айыптау дұрыс емес. Біз де зардап шектік. Менде түрлі жарақаттар бар, тағы екеуінің көзі күйіп қалған. Миы шайқалды", – деді төбелеске қатысқандардың бірі Ринат Кенебаев.
Болған жағдайдан кейін екінші көлікте болған төрт азаматтың үстінен "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалған. Бұл оқиғада кімнің кінәлі екенін тергеу анықтайды.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"