Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз берілмейміз": Иран президенті батыл мәлімдеме жасады

Иран Масуд Пезешкиан
Фото: Getty Images / Anadolu / Fatemeh Bahrami

Иранның президенті Масуд Пезешкиан Тегеранның ешқандай күшке бас имейтінін мәлімдеді. Ол Иранның жаулары елді зымырандармен, бомбалармен және ұшақтармен "бағындыра алмайтынын" атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Анадолу" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Иранның келіссөздерді абыроймен жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Біз берілмейміз. Біздің құқығымыз, уәжіміз, дәлелдеріміз бар. Біз еліміздің құқықтарын батыл қорғай аламыз және халқымыздың қолдауымен оның құқықтарын қорғаймыз", – деді Масуд Пезешкиан.

Сонымен қатар "Хатам әл-Анбия" орталық штабының қолбасшысы Али Абдуллахи АҚШ пен оның одақтастарына Иранға қатысты стратегиялық қателіктерді қайта жасамауды ескертті. Оның айтуынша, Тегеран Ислам республикасына жасалатын кез келген жаңа шабуылға бар күшін салып, қатаң жауап береді.

"АҚШ пен оның одақтастарына тағы да ескертеміз: бұдан былай стратегиялық қателіктер мен қате есептеулерге жол бермесін. Олар Иран мен оның қарулы күштері толық дайын екенін, әрі қазір бұрынғыдан да күштірек екенін білуі тиіс. Жаудың кез келген жаңа шабуылына Иран батыл, ауқымды және бар күшін сала отырып жауап қайтарады", – деген Абдуллахидің сөзідерін Fars басылымы жазды. 

Бұған дейін БАӘ-де дронмен соққы жасағаннан кейін атом электр станциясында өрт шыққаны туралы жазған едік. 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 19 Мамыр, 2026 08:09