Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Быт-шытым шығып, жылап отырмын”: Танымал блогер 20 миллионға алданып қалған

Блогер Мереке Қалбаева тауар өндірушілерге алданып қалғанын айтып, мұңын шақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден алынды

Блогер бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

"Бүгін жақсы жаңалықпен бөліссем деп қуанғанмын. Бірақ 3-4 сағат бұрын өзімнің алданып қалғанымды түсіндім. Неге мен үнемі осылай алданамын? Әлде менің аңғалдығым кінәлі ме? Шынымды айтсам, не істерімді білмей отырмын. Басым ауырып тұр. Быт-шытым шығып, жылап отырмын. "Бас аман болсын" деген дұрыс қой, бірақ осындай жағдайға түскеніме ішім ашиды”, – деп жазды Мереке.

Блогер арықтауға арналған өнімдер сатып аламын деп алданып қалған көрінеді.

"Екі-үш ай бұрын осында келіп, нақты екі арманым болған еді: біріншісі, арықтауға арналған өнім сату, екіншісі, косметика сату. Косметика жақсы ғой, бірақ арықтауға арналған өнімнің ең арзан, сапалы, бәріне бірдей көмектесетін түрін тапқан едім. Қажетті адамдарға "осыдан көп шығарып беріңіздер" деп, ақшасын бірнеше рет бөліп төлеп, тапсырыс бердім. Сосын маған "дайын, келіңіздер" деп қоңырау шалды. Мен қуанып келсем, олар маған жарамсыз бір қаңылтыр дайындап қойыпты. Оның үстінде жүгіру мүмкін емес, құлап өлесің. Тауардың сапасын түсіндірмек болдым, бірақ олар мені түсінгілері келмейді. "Берген қаражатыңызға осындай сапа" деп қояды. Ақша алғанға дейін "бәрін қатырамыз" деген адамдар, ақша алғаннан кейін кісі болып шыға келді. Жүйкем әбден тозды. Ақымақ басым-ай. "Алсаңыз алыңыз, алмасаңыз ақша қайтарылмайды" деп тұр. Қолымда дәлел де жоқ. Енді не болатынын көреміз", – деді блогер.

Еске салайық, әзілкеш стендап сахнасында жемқорлық туралы әзіл айтып, көрерменді күлдіргенін және сөз арасында блогердің атын айтқанын жаздық. Оның “ақшаны ұрлауды жалғастыра бересің. Сосын Дубайға қыдырып, Мадлен сияқты блогерлермен жатып, демаласың” деген әзілі көпшіліктің және блогердің ашуын тудырды.

Талқылау