Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаев қайғылы жағдайдың алдында көріпкелге ақша аударғаны анықталды

Әйелі Салтанат Нүкенованы асқан қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев сотта Шымкенттегі көріпкелге ақша аударғанын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жоғарғы сот

Сот отырысы кезінде Бишімбаетың телефонындағы банк төлемдері мен аударымдары тексерілді. Салтанат Нүкенова мен Бақытжан Байжановтан бөлек сотталушының көріпкел Гүлнәрға да ақша аударғаны белгілі болды.



Бишімбаев 2023 жылы 7 қараша күні Гүлнәр есімді әйелге 250 000 теңге көлемінде ақша аударған. Сотталушы Гүлнәрдің көріпкел екенін айтты. 

Сондай-ақ прокурор Бишімбаевтың пәтерінен қан көрген Салтанат Нүкенованың үй күтушісінен, Нүкенова қайтыс болған күні Бишімбаевпен кездескен блогер Гүлнәр Насырбековадан және көріпкел Гүлнәр Ережеповадан жауап алуды сұрады. Прокурор үй күтушісі мен көріпкелден онлайн жауап алатынын атап өтті. Сот прокурордың өтінішін қанағаттандырды.

Қазір сот Гүлнәр Насырбековадан жауап алып жатыр.

Бұған дейін Бишімбаевтың Салтанатқа түрлі сомада ақша аударып отырғанын жазған едік. Сотталушы марқұм әйеліне 5 мыңнан 500 мың теңге аралығында ақша жіберген. Сондай-ақ ол Салтанатқа ай сайын 4-5 миллион теңге жіберіп отырғанын айтқан еді. Алайда ондай көлемдегі аударымдар табылмады. 

Талқылау