Қуандық Бишімбаевтың апелляциялық шағымы бойынша іс сотқа жіберілді
Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша оның апелляциялық шағымы Астана қалалық соты судьяларының қарауына жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

11 маусымда сот кеңсесінде Қуандық Бишімбаев, Бақытжан Байжанов және олардың адвокаттарының шағымы бойынша апелляциялық іс пайда болды. Астана қалалық сотының бетінде апелляциялық шағымдар судьялардың қарауына жіберілгені туралы ақпарат бар.
Бұл ретте Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бетінде құжаттар "облыстық сотқа жіберілді" деп көрсетілген.
Бишімбаевтың ісіне қатысты басқа ақпарат жабық.
Еске салайық, 13 мамырда өзінің әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталып, сот ісі ашық жүргізілген экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал оның туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Содан соң Бишімбаевтың адвокаты сот үкіміне үш апелляциялық шағым түсірді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан