Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаевтың адвокаттары үкімге қатысты жоғарғы сотқа шағымданбақ

Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова үкімді қайта апелляцияға беруге ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жоғарғы сот

Бишімбаевқа қатысты үкімді бірінші апелляциялық сот өзгеріссіз қалдырды. Алайда қорғаушылар тағы да апелляциялық арыз беретіндерін алға тартты.

“Үкімге шағымдануды жалғастыра береміз. Жоғарғы сотқа жүгінеміз. Сонымен қатар Адам құқықтары жөніндегі комитет халықаралық ұйымына да шағым түсіреміз", – деді Құсайынова.


"Шындық ешкімге керек емес": Бишімбаев сот үкімімен келіспейтінін айтты


Назым Құсайынова Бишімбаевқа қатысты үкімді әділетсіз деп есептейтінін айтты.

Еске салсақ, осыған дейін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты апелляциялық сот отырысы өткен болатын. Сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, бұған дейін Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылғанеді. Ал екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды

Талқылау