Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаевтан 6 рет жауап алынды: Адвокат Оразбақова экс-министрдің қорғаушысының сөздерін жоққа шығарды

Бишімбаевтың ісі бойынша зардап шеккен тараптың адвокаты Жанна Оразбақова экс-министрдің қорғаушысының сөздерін жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Осыған дейін экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты оның әйелін өлтіргені үшін кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді. Адвокаттың дерегінше, Салтанат Нүкенова субдуральды гематомадан қайтыс болған. Ал олардың арасында ешқандай жанжал болмаған.

Жанна Оразбақова желіде жазба қалдырып, іске қатысты жаңа деректерді бөлісті. Ол Бишімбаевтың адвокатының сөздерін жоққа шығарды.

"Екі күн үнсіз қалдым. Жалпы қаңтар айының ортасынан бастап, іс материалдарын алған сәттен бастап Салтанаттың ағасы Айтбек екеуміз сот отырысына дайындалдық. Іс бойынша ешбір қосымша ақпаратты жария етпедік. Ең бастысы, этикалық себептермен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған сәттен қылмыстық іс материалдарымен танысқаннан кейін біз алған жарақаттың сипаты мен ауырлығын атамадық, фотолар мен бейнежазбаларды жарияламадық. Ең алдымен, Салтанаттың ата-анасының, әсіресе қызынан айырылып жатқан анасының көңіл-күйін ойладық. Кеше Салтанаттың інісі Айтбек Амангелді бейнежазбаның кадрларын, сондай-ақ сараптама қорытындысын жартылай жариялады. Ол шындықты көрсету үшін осылай жасауға мәжбүр болды”, – деп жазды Жанна Оразбақова. 

Адвокат бірнеше фактілер келітіріп, іс деректерін бөлісі. Оның сөзінше, Бишімбаевтан алты рет жауап алынған.



“Ал енді фактілерге тоқталайық. Біріншіден, күдіктіден 6 рет жауап алынды. Жауап алу бойына іс материалдарында жауап алу хаттамалары бар. Айғақ беру немесе бермеу –  күдіктінің конституциялық ҚҰҚЫҒЫ. Іс бойынша екі сот-медициналық сараптама жасалды. Екінші (қосымша) сараптама екі тараптың өтініші бойынша жүргізілді. Күдіктінің қорғауындағы барлық сұрақ қамтылды”, – деп жазды адвокат.

Мәйітке салынған ауыр жарақаттардың нақты фотолары бар екенін айтты адвокат. 

"Сағат 21.40-та мәйіт тексерілген. Нәтижесінде сарапшылар өлім белгілі болғанға дейін кемінде 6-8 сағат бұрын тіркелгенін айтады.
Сағат 19:55-те жедел жәрдемге қоңырау күдіктіден емес, оның ағасынан түскен. Яғни, ол бірнеше сағат бұрын жан тапсырған. Оның көз жұмғанын байқамау мүмкін емес. Оқиға орнын тексеру актісіне Салтанаттың "Бау" мейрамханасының еденінде жатқаны түсірілген фотолар қоса беріледі. Суретте ауыр дене жарақаттары нақты көрсетілген. Оның тек көзі көгерген деп атау қиын”, – дейді Оразбақова.

Сонымен қатар Жанна Оразбақова Нүкенова алған бірқатар жарақаттарды атап, Гүлбану Әбенованың сөзі “сандырақ” екенін айтты.

"Мәйітті мамандар сараптамаға дейін және кейін суретке түсірді. Фотолардан барлық дене жарақаттарын көруге болады. Сарапшылар мәйітке қосымша дене жарақатын сала алмайды. Не себепті ерекше қатігездікпен кісі өлтіру бабы қозғалды? Өйткені Салтанаттың денесінде көптеген жарақат бар. Мәселен тұншығу белгілері, мұрынның сынуы, жаралары болған. Істе екі бет қағазда нақты қандай жарақаттар алғаны жазылған. Ішкі жарақаттарын есептемегеннің өзінде, осыншалық қатігездік жасалған. Адам биіктен құлау кезінде мұндай жарақат алмайды. Гүлбану Әбенова алкогольдty мас болғанын және жарақаттың биіктіктен құлап қалғанын айтады. Бұл – толығымен оның қиялы. Бұл – қатты заттың әсерінен болатын жарақаттар”, – дейді Оразбақова.

Барлық сараптама жасалып, нәтижелері белгілі болған. 

"Журналист те сұрақты дұрыс қоймаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде сот-психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізілді, нақты қорытындылар келді, ешқандай аффект болған жоқ”, – дейді адвокат. 

Бұған дейін күйеуінің қолынан қаза тапты делінетін Салтанат Нүкенованың ағасы қайғылы оқиға болған мейрамханадағы бақылау камераларына түскен кадрларды жариялаған еді. 

Талқылау