Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталды - Ішкі істер министрі

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәжіліс кулуарында Бишімбаевтың ісіне қатысты жаңа деректерді бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Қазір Бишімбаевқа қатысты тергеу, сараптама жұмыстарының бәрі аяқталды. Сот іспен танысып, іс қаралатын күнді белгілейді", – деді генерал-лейтенант Ержан Сәденов. 

“Қуандық Бишімбаевқа қамауда ешқандай жеңілдік жасалмаған ба?” деген журналист сұрағына ішкі істер министрі оның бәрімен бірдей жағдайда отырғанын айтты.

"Бәріне бірдей жағдай қарастырылған. Камерада жалғыз емес, адамдар бар. Күдіктінің тәртібіне қатысты шығам түскен жоқ. Ол сот ісіне дайындалып жатыр", – деді министр. 

Еске салайық, экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді.

Бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Талқылау