Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бишімбаев үйіңе барды ма?": Ақбота Сейтмағамбеттің "соққыға жығылған" фотосы желіге тарады

Танымал әнші, актриса Ақбота Сейтмағамбет соққыға жығылған фотосын жариялап, оқырман қауымнан сөз естіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/akbotanurabaykyzy/

Өнер иесінің өзі қоғамдағы әйел бейнесін өлеңмен жеткізіп, әйел тағдырының көлеңкелі тұсын атап өтті.

“Бақ па, сор ма туылғаның қыз болып,
Ныпсы гүл боп шығу қажет мұз жарып.
Аламанға салсаң озар, әй қайдам,
Пешенесі тұрғаннан соң тұзданып.
Мен – әйелмін, қырық жан бар бойымда,
Шырқыраймын, талай уайым қойында.
От шарпыса, шыдай түсем ерімей,
Себебі мен ұқсап кетем шойынға...
Бәлкім бұл бақытсыздықтың ең сорақы көрінісі болар, бәлкім таңдауға келгендегі әлсіздік пен жаңылыс...”, – деп жазды актриса. 



Ал желі қолданушылары актрисаның бұл суретін жарыса талқыға салды. Бірі түсірілім кезіндегі рөлі деп топшылады. 

“Бишімбаев үйіңе кіріп алған ба?”, "Шошып кеттік қой", "Әр қыз бақытты болуға лайық", "Жамандық шақырып тұр ғой өзі", "Кино шығар", "Елді шошытпаңыз", "Өкінішті, Қазақстандағы ең өзекті тақырып қазір", "Құрсын, Ақбота! Кинодан үзінді болса да, мынадай суреттер салма. Қажеті жоқ", "Кинода да бақытсыз әйелдің рөлін сомдама. Көп әртіс кейіпкерінің өмірін қайталайды”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң екінші оқылымда мақұлданды. 

 

Талқылау