Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурор жаңа қызметке тағайындалды
Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс қозғалғаннан кейін қазақстандықтардың көзайымына айналған прокурор Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Бас прокуратураның хабарлауынша, прокурор қазір Астана қаласы прокуратурасының Мемлекеттік айыптауды қолдау және апелляциялық сатыға қатысу басқармасының бастығы қызметін атқарып жатыр.
Еске салайық, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесіне Айжан Аймағанова мемлекеттік айыптаушы, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі ретінде қатысқан еді.
2024 жылдың 15 шілдесінде Айжан Аймағанова жаңа атақ – подполковник шенін ("Әділет кеңесшісі" сыныптық шені) алғаны белгілі болған еді. Мұны оның мұқият жанкүйерлері әлеуметтік желідегі суретінен байқаған.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі