Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурор Айжан Аймағанова жаңа шен алды
Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша елге танылған прокурор Айжан Аймағанова қызметте өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Желі қолданушылары прокурордың әлеуметтік желіде жариялаған видеосынан оның подполковник погоны (“әділет кеңесшісі” сыныптық шені) бар қызметтік киім кигенін байқап, құттықтай бастады. Аймағанова видеода прокуратурада жұмыс істеудің қиындығы мен артықшылықтары туралы айтты.
"Кезекті шеніңіз құтты болсын", "Айжанда кәсіби шеберлік, шынайылық, сұлулық бар", "Айжан, жаңа атағың құтты болсын!", "Қызметте өсуіңізбен құттықтаймын”, "Сен барлық жұлдыздарға лайықсың", – делінген пікірлерде.
Еске салсақ, бұған дейін Бишімбаев ісі бойынша прокурор Айжан Аймағанованың жалған парақшасы желіде 20 мыңнан аса жазылушы жинағаны туралы жазған едік.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"