Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біртұтас Қытай" саясатына қатысты ұстанымымыз өзгермейді – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында Қытайдың бейбіт бастамаларын қолдайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

Президент халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына негізделген әділ әлемдік тәртіпті қалыптастырудағы жетекші рөлі мен елеулі үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. 

“Сіздің "Адамзаттың біртұтас тағдыры қоғамдастығын құру" туралы бастамаңызды конструктивті рухта қолдауға дайынбыз. Біздің "Біртұтас Қытай" саясатына қатысты ұстанымымыз өзгермейді. Сондай-ақ терроризм, сеператизм және экстремизм секілді "үш зұлым күшке" қарсы күрес жөніндегі ықпалдастықты қолдаймыз. Қытайдың бүкіл әлем елдерінің егемендігі мен тәуелсіздігін құрметтеуге шақыратын тұрақты ұстанымын бағалаймыз. Бүгінде Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі саналатынын бұған дейін де айттым. Өзара тауар айналымын еселеуге мол мүмкіндігіміз бар. Біздің елдің үкіметі осы мақсатқа жету үшін табанды жұмыс істейді”, – дейді Тоқаев.



Сондай-ақ ол Қытайдың Қазақстан экономикасына салынған инвестиция көлемі бойынша жетекші орынде екенін атап өтті.

“Кейінгі 15 жылда оның көлемі 24 миллиард долларға жетті. Екі ел арасында визасыз режим күшіне енді. Қазір "Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы" өтіп жатыр. Мұның бәрі елдеріміздің түрлі саладағы ынтымақтастығын нығайтуға тың серпін береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Си Цзиньпин Қытайдың Қазақстанға сенімді тірек болатынын айтқан еді. 

Талқылау