Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біртанов: Көз жұмған адамның органдары рұқсатсыз донорлыққа алынбайды

Қайтыс болған адамның азғасы рұқсатсыз донорлыққа алынбайтын болды. Қызу талқыланған нормаға қатысты Денсаулық сақтау министрі осындай шешім қабылданғанын айтты. Бұл ретте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары ескерілген. Ең бастысы мұндай қадамға баруға азаматтардың жазған мыңдаған пікірі себеп болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Министр Біртанов донор ретінде ағзасын беруге дайын екенін айтты

Осымен 7-ші рет өткен қоғамдық кеңестің отырысына Денсаулық кодексі туралы пікір айтып жүрген Мұрат Әбенов те қатысты. Кодекске енгізіледі деген нормалардың ішінде қызу талқыға түскен мәселелер екпе және ағза донорлығы болатын. Азаматтардың пікірін саралаған министрлік тарабы тұжырымдама жобасына бірқатар өзгерістер енгізіпті. 

"Ең бір маңызды мәселе - ол қайтыс болған адамның мүшелерінің донорлыққа алынуы. Егер марқұм бұл жағдайға байланысты тірі кезінде ешнәрсе айтпаса, ал оның туыстары келісім берсе, ішкі мүшелерді донолыққа пайдалану қарастырылған. Ал егер рұқсат болмаса, органдарды алуға тыйым салынады", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. 

Елжан Біртанов вакцина мәселесінде де бірқатар өзгерістер бар деді. Бұл ретте екпе препараттарының сапасына, оны жеткізуші компаниялардың жауапкершілігі де заңда бекітіледі деп отыр. Вакцинаға қатысты ұсыныстар бойынша Қазақстанға арнайы келген ДДСҰ өкілі Ханс Клюге бастамаларға оң бағасын беріпті. Сондай-ақ жарты әлемнің ұйқысын қашырған індеттің жаппай таралуына қарсы еліміздің атқарылып жатқан шараларына көңілі толатынын айтып, алғысын жеткізген. 

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы індетке қарсы кемшіліктерді жоюға және төтенше жағдайларға байланысты іс-қимылдарды реттеуге әлемнің барлық еліне қолынан келген бар мүмкіндікті аямайды. Оның ішінде Қазақстанға ерекше көңіл бөлеміз. Науқастарды қадағалау, емді іздеу, індеттің алдын алуға елді дайындау бағытында бірлесе жұмыс істейтін боламыз", - деді ДДСҰ өкілі. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі арасында екі жылға арналған келісімге қол қойылған. Осы құжатқа сәйкес елдегі жұқпалы және жұқпалы емес індеттерді алдын алу бағытында көмек көрсетілмек. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 531-ге жетті

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелдi

Онлайн жерлеу рәсімі: Коронавирустан көз жұмған жеткіншектің жақындары оны ақтық сапарға шығарып сала алмады

Марқұмның анасы карантинге жабылғандықтан жеткіншекті жерлеу рәсіміне қатыстырылмапты

Алматыда коронавирусқа байланысты инфекциялық аурухананың құрылысы басталды

Бой көтеретін емхана нысаны 280 орынға арналған

Карантиннен қашпақшы болған Ақтау тұрғыны үшінші қабаттан секіріп, омыртқасын сындырды

Қазір карантинге жабылғысы келмеген азамат ауруханада жатыр

Коронавирус жұқтырғаны қаза болғаннан кейін анықталған: Ақмола облысында қаза тапқан науқас 73 жаста болған

Көз жұмған адам - 1947 жылғы Целиноград ауданының тұрғыны

Асқар Жұмғалиев 42500 теңгелік жәрдемақыны тағайындау барысында туындаған ақаулар жайлы пікір білдірді

Қазақстанда төтенше жағдай кезінде миллионнан астам адамға электронды қызмет көрсетіліпті

СҚО-да коронавирусқа шалдыққан баладан жеті адам індет жұқтырған

4  сәуір күні СҚО-да коронавирусқа шалдыққан 25 науқас тіркеуде тұр екен

Нұр-Сұлтанда бір адам коронавирустан жазылды

Қазақстанда коронавирустан бесінші адам көз жұмды

Ауру жұқтырғандардың саны 525 болды

Екі рет ракты жеңген қария коронавирустан көз жұмды

79 жастағы қарт жасына қарамастан өте ширақ әрі белсенді болған
Çàãðóçêà...