Біртанов дәрігерлерге, полицейлер мен еріктілерге алғыс білдірді
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлерге, полицейлер мен еріктілерге алғысын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы министрі Facebook-тегі парақшасында жазған.
"Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жолында жан салып еңбек еткен медицина қызметкерлеріне, полицейлерге және еріктілерге ерекше алғыс білдіремін. Сіздер елімізде төтенше жағдай жарияланған алғашқы күннен бастап азаматтардың денсаулығын, қауіпсіздігін күзеттіңіздер. Біз сіздердің еңбегіңізді бағалаймыз және елдің амандығы үшін үлкен үлес қосқандарыңызды түсінеміз. Сіздердің әрекеттеріңіз – біз үшін ерліктің, батылдық пен ынтымақтың айқын үлгісі! Өздеріңізге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін!" - депті Біртанов.
Еске салайық, еліміздің аумағында 1 мамырдан бастап блок-бекеттер алынған еді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”