"Бірнеше күйеуге шыққан": Желі қолданушылары Алтынай Жорабаеваның қыз ұзатуына қарсы шықты
Екі рет тұрмыс құрған Алтынай Жорабаеваның қыз ұзатқаны кей желі қолданушыларына ұнамай қалды. Әнші өзіне тағылған айыпқа жауап берді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бірнеше күйеуге шыққан әйелді араластыру қызға обал болмай ма?" – деп мін тақты. Оған әнші:
"Өзіңіздің ұрпағыңыздың болашағына сенімдісіз бе?" – деп сұрақпен жауап берді.
Өзге желі қолданушылары болса әншіні жақтап шықты.
"Сізді Құдай кешірсін, ұрпағыңыз үшін. Асылық айтуға болмайды. Тағдырды ешкім таңдамайды. Таңдай алсақ тамаша етіп алар едік өмірімізді", "Дұрыс айтады, ешкім алдына болжамайды. Алтынай сіңлім, өте жақсы, барлығына лайықты жан, бақытты болыңыз", "Ертең не болатынын ешкім білмейді. Алтынайдың жетістігіне жетіп алайық алдымен", – деп жазды олар.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі