Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1-сынып пен оқу орындарына құжат қабылдау мерзімі жарияланды

Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа, колледждер мен университеттерге түсу үшін құжаттарды қабылдау мерзімдерін жариялады.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау онлайн режимінде «Электрондық үкімет» Egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

«Медициналық анықтамаларды алуда қиындықтар болғандықтан, құжаттарды тапсырған кезде ол анықтамаларды уақытша тапсырмауға рұқсат етіледі. Медициналық анықтамалар оқу жылы басталғанға дейін өткізіледі», - деді ҚР білім министрлігі.
1 маусымнан 1 тамызға дейін бірінші сыныпқа құжаттар қабылданады. Өтініш бір жұмыс күнінде қаралады. Құжаттарды қабылдау 3-тен 1-ге дейінгі қағидаттар бойынша жүзеге асырылады. Яғни, бірінші кезекте өтініштерді осы мектептің жанында тұратын ықшамаудан тұрғындары береді.

Колледждерге 20 маусымнан 25 тамызға дейін құжаттар қабылданады. Қабылдау емтихандары алынып тасталды, конкурс міндетті және мамандандырылған пәндердің жалпы баллына сәйкес өткізіледі.

Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтар үшін арнайы конкурстар ұйымдастырылады.

13-20 шілде аралығында мемлекеттік білім гранттары конкурсына құжаттар қабылданады.
 

Талқылау