Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірінші сынып оқушылары ата-аналарының қалауы бойынша мектепке бара алады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналардың қалауы бойынша бастауыш сынып оқушылары мектепке бара алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

мектеп

Ол үшін кезекші сыныптар ұйымдастырылады. Баланың мектепке барып бармауы ата-ана тарапынан шешілетін болады. 

"Біз ата-аналарға жазбаша өтініш бойынша бастауыш мектепте кезекші сыныбын ұйымдастыруға мүмкіндік береміз. Бұл үшін ата-аналар қауіп-қатерге қарамай, балалары сабаққа барғанын қалайтындығын мәлімдеуі керек. Егер осындай тілектер болса, біз мұндай мүмкіндік береміз. Санитарлық талаптарға сәйкес арнайы шаралар ұйымдастыратын боламыз" , - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.


Ол мұндай жағдайларда оқу бірнеше ауысым бойынша өтетінін, ал бір сыныпта 10-15 баладан артық отырмайтынын айтты. Оған қоса, барлық пәндерге бір мұғалім болатындығын жеткізді. Алайда сабақтың бір бөлігі әлі де онлайн режимінде өтуі керек.

Бұған дейін министр оқушылар бірінші тоқсанда қашықтықтан оқитынын айтты. Оған қоса жоғарғы оқу орындары да жаңа оқу жылын онлайн форматта бастамақ. 

Талқылау