Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бірінші рет емес": Серік Ибрагимов Scat әуе компаниясын сотқа беретінін айтты

Танымал әнші Серік Ибрагимов отандық әуе компаниясына ренішін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/ibragimovserik/

Өнер иесі ұшақтардың ұшу уақытынан кешігуі кейінгі кезде жиі қайталанып жүргеніне ашуланды. 

“Scat әуе компаниясы, сендерге ренжідім. Не болды мына тірлік? Телефон тұтқасын көтермейсіздер! Жауапкершілік мүлдем жоқ. Ұшатын уақытқа 2-3 сағат қалған кезде ұшу уақыты ауысты дейтін не әңгіме енді?! Scat-ты сотқа беретіндердің арасында енді мен де бармын. Бұл бірінші рет емес, бірнеше рет қайталанып отыр. Өте нашар әуе компания екенсіңдер”, – деп жазды әнші. 



Айта кетейік, Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізуге байланысты Астана әуежайында ұшу-қону тоқтатылған.

"Астана әуежайындағы рейстер 28 маусымнан бастап кешігеді. 3-4 шілдеге жоспарланған ШЫҰ саммитіне дайындық аясында қорғаныс министрлігі ұшақтарының оқу-жаттығуын өткізіп жатыр. Сол себепті елорда әуежайындағы әуе кеңістігі уақытша жабылады", – делінген хабарламада.

Талқылау