Біреуі кәмелеттік жасқа толмаған: Алматыда келіншек екі қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген
Алматыда 26 жастағы қызылордалық келіншек ұсталды. Ол екі қызды қорқытып және алдап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ішкі істер министрлігі онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.
"Екі қыздың бірі кәмелеттік жасқа толмаған. Полицейлер бұл жағдайды әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу арқылы анықтаған. Келіншек желіде интимдік қызмет көрсететіні туралы жарнама орналастырған", - деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Қазіргі таңда оқиғаға қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 134 бабы "Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікке мәжбүрлегені үшін" іс қозғалды. Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілуде
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады
Қазақстанда кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады